Жаңалықтар
🌱 Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары XVII Еуразиялық информатика олимпиадасының финалдық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті.
17 желтоқсан 2025 12:15
NIS Тараз командасының жетістіктері:
– Улугбек Османов — NIS командасы құрамында алтын медаль иегері;
– Ислам Ратляұлы мен Қайсар Амангелдиев — NIS командасы құрамында қола медаль иегерлері.
Қорытынды кезеңге Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен 72 команда қатысты.
Жетекші — Нұрманап Колоханов.
Команданы және жетекшісін үлкен жеңістерімен құттықтаймыз, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!