logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Халықаралық онлайн-телемост: Тараз және Клайпеда мектептері байланыс орнатты

11 желтоқсан 2025 12:09

🔰Халықаралық ынтымақтастық аясында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (Қазақстан) мен Клайпеда қаласының жоғары мектебі (Литва) арасында онлайн-телемост өтті.

🔹 Кездесу барысында тараптар өз мектептері мен қалалары туралы ақпарат алмасып, екі елдің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін талқылады. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, өз құрдастарының өміріне қызығушылық танытты. NIS Тараз оқушылары кездесуді домбырамен «Еркесылқым» және «Адай» күйлерін орындаумен әрлендірді.

Бұл кездесу халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, мәдени өзара түсіністікті арттыруға ықпал етті.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-