logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Тараз қаласындағы NIS мұғалімдері ауылдық мектептерге әдістемелік қолдау көрсетті

20 қараша 2025 11:54

«Ауылдық тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері Қаратау қаласындағы мектеп-лицей мен Шу ауданының М. Мақатаев атындағы тірек мектебінде шеберлік сағаттарын өткізді.

2025–2026 оқу жылына арналған даму жоспарына сәйкес іс-шара келесі өзекті бағыттарды қамтыды:

* Оқушылардың функционалдық және оқу сауаттылығын дамыту;

* Критериалды бағалауды ұйымдастыру, ТЖБ/БЖБ құралдарын әзірлеу және модерациялау;

* Іс-әрекеттегі зерттеу (Action Research) тәжірибесі;

* Оқыту процесінде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды тиімді пайдалану;

* Биология пәнінде заманауи құралдарды қолдану, 3D-модельдеу және басып шығару технологиялары.

Іс-шара барысында мұғалімдердің сабақтарына диагностикалық бақылау жасалып, алдағы уақытта көрсетілетін әдістемелік көмектің басым бағыттары айқындалды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-