Хабарландырулар
Құрметті, ата-аналар!
«Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» осы сәтте мектеп жатақханасында 2 (екі) ұл баланың орны бос екендігін хабарлайды. 2025-2026 оқу жылының соңына дейін жатақханадан орын беру үшін құжаттарды қабылдау үздіксіз жүргізілетінін естеріңізге саламыз!
Егер құжаттарыңыз ««Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» жатақханалар қызметін ұйымдастыру Ережесінің» (01.06.2022ж., хаттама №24) талаптарына сәйкес келсе, комиссия өтініштерді қарап, нәтижесін заңды өкілдерге хабарлайды.
Оқушының заңды өкілі жеке электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, https://otinish.nis.edu.kz/ жатақханаға өтініштерді беру және қарау қызметі арқылы жасай алады. Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру Қағидаларымен (https://www.nis.edu.kz/storage/files/dormitory-kz.pdf) сайтында таныса аласыздар.
Бейне нұсқаулық https://youtu.be/1rNFJvxkH3Y