logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ Талдықорған қаласындағы ЖМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі («Назарбаев Зияткерлік мектептері» жатақханаларының қызметін ұйымдастыру ережесінен)

13 мамыр 2026 00:00

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

2026–2027 оқу жылына жатақханадан орын беру туралы өтініштерді қабылдау «Жатақханаға өтініштерді беру және қарау» сервисі https://otinish.nis.edu.kz арқылы келесі мерзімдерде электрондық форматта жүзеге асырылатынын хабарлаймыз:

• 1-кезең: 2026 жылғы 1–12 маусым аралығы
• 2-кезең: 2026 жылғы 18–24 тамыз аралығы

Қажетті құжаттар тізбесі (Ережелердің 20-тармағына сәйкес)

Өтініш беру кезінде оқушының заңды өкілі келесі құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркейді:

1.     Оқушының туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН көрсетілген туу туралы куәлік қосымшасының көшірмесі.

2.     Оқушының жеке куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда).

3.     Оқушының заңды өкілдерінің жеке куәліктерінің көшірмесі.
• Толық емес отбасы үшін: ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәлік, некені бұзу туралы құжаттар немесе отбасының толық еместігін растайтын өзге де құжаттар.

4.     egov.kz электрондық үкімет порталынан оқушының заңды өкілдерінің тіркелген күні міндетті түрде көрсетілген мекенжайы бойынша деректер (скриншот).

• Маңызды ескерту! Заңды өкілдерінің тұрғылықты жері оқушының тұрғылықты жері болып танылады.

• Аталған мекенжай бойынша тіркеу мерзімі өтінім берілген күнге дейінгі соңғы 2 (екі) жылдан кем болмауы тиіс.

• Ерекше жағдай! Жұмыс орнының ауысуына немесе өзге де отбасылық жағдайларға байланысты көшкен жағдайда келесі құжаттарды ұсыну міндетті:
– жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі;
– еңбек шартының көшірмесі;
– БЖЗҚ салымшысының қаражатының түсуі және қозғалысы туралы заңнамада белгіленген тәртіппен соңғы 6 ай ішінде берілген ақпарат;
– жалдау немесе сатып алу-сату шарты немесе көшкен жерінен тұрғын үй сатып алғанын растайтын өзге де құжаттар.

Заңды өкілдері әртүрлі мекенжайда тіркелген жағдайда, оқушының тұрғылықты жері оның Зияткерлік мектепке түскенге дейінгі білім беру ұйымында оқығанын растайтын құжаттар (табель немесе бағалар транскрипті) негізінде анықталады.

5.     Жетім балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін – мәртебесін растайтын құжат (сот шешімі, білім бөлімінің қорғаншылық туралы бұйрығы, қорғаншылық туралы анықтама).

6.     Мүгедектігі бар адамдар үшін – оқушының немесе ата-анасының (I, II топтағы) мүгедектігі туралы анықтама және тиісті әлеуметтік жәрдемақы алатыны туралы анықтама.

7.     Аз қамтылған азаматтар үшін – атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу туралы анықтама. Анықтама жарты жылда бір рет жаңартылып, мектепке ұсынылады.

Комиссияның өкілеттіктері

Комиссия келесі әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы:
– оқушылар мен олардың заңды өкілдерінің тіркелген мекенжайы бойынша нақты тұратынын растайтын басқа да құжаттарды тексеруге және/немесе сұратуға;
– заңды өкілдер ұсынған мәліметтердің шынайылығын мерзімді түрде тексеруге, қажет болған жағдайда тіркелген мекенжай бойынша баруға.

Жалған ақпарат анықталған жағдайда, Мектеп жатақханада нақты тұрған кезең үшін шығындарды өндіріп алуға құқылы.

Өтінімді қабылдамау негіздемелері

Қабылдау комиссиясы келесі жағдайларда Сервистегі өтінімді қабылдамауы мүмкін:
– құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда;
– сканерленген құжаттардағы деректердің оқылмауы (мөр, күн, оқушының және заңды өкілдердің АӘТ);
– құжаттардың көрсетілген санатқа сәйкес келмеуі.

Өтінім қабылданбаған жағдайда заңды өкіл Сервис арқылы тиісті хабарлама алады және ескертулерді ескере отырып, өтінімді қайта береді. Бұл ретте тіркеу күні жаңартылады.

Қарастырылған өтініштердің нәтижесінде Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдай алады:

1.     Жатақханадан орын беру;

2.     Резервтік тізімге енгізу;

3.     Жатақханадан орын берілмейді.

 2026–2027 оқу жылына жатақханадан орын берілген оқушылардың тізімі мектеп сайтында жарияланады:
https://schools.nis.edu.kz/ru/school/nzm-taldyqorgan/news?parent_menu=4&menu=4

–1-кезең: 2026 жылғы 19 маусым
– 2-кезең: 2026 жылғы 27 тамыз

 Байланыс телефондары/Контактные телефоны:

Қабылдау бөлмесі/Приемная: 8 (7282) 40 00 51

Жатақхана меңгерушісі: (7282) 40 00 68   

Модераторлармен байланыс үшін: 8-771-882-17-44