logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы

14 мамыр 2025 15:30

Мектебіміздің дәстүрлі түрде жыл сайын аталып өтетін фестиваль аясында «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасына енген шығармалар мен кейіпкерлерге арнап ерекше кулинарлық байқау өтті.

Қатысушыларға алдын ала дайындалған корждар мен бисквиттер беріліп, олардан кітаптың сюжеті мен кейіпкерлерін елестететін, жеуге жарамды «кітап-торттар» жасау тапсырылды.

Әр жұмысты дәмі мен көркемдігі бойынша саралаған қазылар алқасы төмендегідей нәтижеге келді:

• І орын – 7 «H» сыныбы, Марат Қабанбай («Бауыр»)
• ІІ орын – 7 «G» сыныбы, Антуан де Сент‑Экзюпери («Маленький принц»)
• ІІІ орын – 7 «L» сыныбы, Оралхан Бөкей («Апамның астауы»)

Ең дәмді және әсем безендірілген торт фестивальдің басты туындысы болып танылып, оқушыларға шығармашылық ізденіс пен кітап оқуға деген қызығушылық сыйлады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-