logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Назерке Тоқбергенова республикалық олимпиадада жүлдеге ие болды

11 сәуір 2025 16:14

Қарағанды қаласындағы Бөкетов атындағы университетте орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен өткен республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Білім сайысына еліміздің әр өңірінен 173 жоғары сынып оқушысы қатысты. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шәкірттері бұл байқауда 1 күміс және 4 қола медальмен марапатталды.

Оның ішінде оқушымыз Назерке Тоқбергенова мектеп намысын қорғап ІІІ орын иесі атанды. Жетекшілік еткен орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Раузан Нұртазаевнаға алғыс білдіре отырып, құттықтаймыз