Жаңалықтар
“Bookstart” акциясы: ерекше балаларға ерекше сый
22 наурыз 2025 10:29
Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектебімізде дәстүрлі “Bookstart” акциясы өтті. Бұл игі бастама “Қоғамға қызмет” жобасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Акция аясында мектеп оқушылары мен ұстаздары №2 есту қабілеті нашар балаларға арналған интернатқа барып, оларға қуаныш сыйлады.
Балаларға түрлі жанрдағы кітаптар тарту етіліп, оқу мәдениетін дамытуға үлес қосылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, кішкентай достарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Шара соңында тәттілер таратылып, жылы лебіздер айтылды.