Жаңалықтар
Мектептің туған күніне орай ұстаздар арасында спартакиада өтті.
01 наурыз 2025 15:16
Мектебіміздің туған күніне орай дәстүрлі түрде өткізілетін іс-шаралардың бірі – ұстаздар арасындағы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мұғалімдер қауымы спорттық белсенділік танытып, өзара бәсекеге түсіп, командалық рухты нығайтты.
Спартакиада бірнеше спорт түрлері бойынша өтті, оның ішінде волейбол, үстел теннисі, футбол жарыстары болды. Әр кафедрадан құралған командалар ширақтықтары мен ептіліктерін көрсетті. Жарыс барысында әріптестер бір-бірін қолдап, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше мән берді.
Жеңімпаздар таңғы жиын шарасында марапаталады.