logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Uzdik IT Ustaz – 2026: Шымкент-Абай NIS мұғалімдерінің жарқын жеңісі

04 мамыр 2026 14:47

Шымкент қаласындағы Абай атындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімдері кәсіби шеберліктің биік деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Uzdik IT Ustaz – 2026» республикалық олимпиадасының финалдық кезеңінде мектебіміздің ұстаздары жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, Жолдыбай Бақытжан І орын иеленіп, үздік нәтиже көрсетті. Ал Токкулиев Ерсултан ІІІ орынға қол жеткізіп, жоғары дайындық деңгейін паш етті. Бұл жетістіктер – ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен заманауи білім беру үдерісіндегі жаңашыл көзқарасының айқын көрінісі.

Олимпиада барысында қатысушылар ақпараттық технологиялар саласындағы терең білімін, педагогикалық шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мұғалімдеріміздің жетістігі – мектеп ұжымының бірлескен еңбегінің нәтижесі және білім сапасын арттыру жолындағы жүйелі жұмыстың жемісі.

Әріптестерімізді жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз!

Фотогалерея

image-