logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

WRO-2026: робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңі сәтті өтті

24 сәуір 2026 16:16

Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесіне қарасты Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында WRO-2026 робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Дарынды оқушылар өз білімдері мен инженерлік қабілеттерін сынап, заманауи технологиялар саласындағы шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар робот құрастыру, бағдарламалау және инновациялық жобаларын таныстыру арқылы өзара бақ сынасты.

Олимпиада келесі категориялар бойынша өтті:
🔹 Robomission
🔹 Robosports
🔹 Future Engineers
🔹 Future Innovators

Әр бағытта қатысушылар креативті шешімдер ұсынып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Қазылар алқасы командалардың техникалық сауаттылығын, логикалық ойлауын және инженерлік тәсілдерін жоғары бағалады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-