Жаңалықтар
«TAGYLYM» Science Fest 2026: жас ғалымдардың жарқын жетістігі
21 сәуір 2026 16:06
Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесіне қарасты Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында өткен «TAGYLYM» Science Fest 2026 ғылыми жобалар конкурсының аймақтық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Биылғы байқауға қызығушылық ерекше болды. Жалпы саны 165 жоба ұсынылып, 320 оқушы өз жұмыстарын қорғады. Қатысушылар өздерінің ғылыми ізденісін, креативті ойлауын және заманауи мәселелерге деген көзқарасын сәтті көрсете білді.
Жобалар экология, технология, медицина, инженерия және әлеуметтік ғылымдар бағыттарын қамтыды. Әсіресе, практикалық маңызы бар және инновациялық шешімдерге бағытталған жұмыстар сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.
Аталған шара жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың болашақ ғылыми жолына сенімді қадам жасауына мүмкіндік берді.