Жаңалықтар
Республикалық олимпиадада Шымкент-Абай NIS мектебінің оқушысы Абдуғани Ғалымжанұлы ІІ орын иеленді
26 наурыз 2026 10:02
Қостанай қаласында өткен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде информатика пәні бойынша Шымкент-Абай NIS мектебінің оқушысы Абдуғани Ғалымжанұлы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Жетекшісі – Жолдыбай Бақытжан.
Олимпиадада әр бағытта еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам оқушы бақ сынады. Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ұлттық олимпиадалық резерв құрамына енгізіліп, Қазақстан атынан халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.