logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Shymkent-Abai NIS мұғалімдері халықаралық конференцияда өз зерттеу жұмыстарын ұсынды

04 наурыз 2026 09:53

Shymkent-Abai NIS мектебінің мұғалімдері 13th International Conference of School as Learning Community халықаралық ғылыми конференциясына онлайн форматта қатысып, өз зерттеу жұмыстарын ұсынды.

Математика пәні мұғалімі Кененбаева Г.А. және физика пәні мұғалімдері Жалмаханова С.А., Кененбаева А.А., Абдикерова Ж.Р. конференция барысында мектеп тәжірибесіне негізделген ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Аталған конференция жыл сайын әлемнің 30-дан астам елінен 2000-ға жуық қатысушыны біріктіретін беделді халықаралық білім беру алаңы болып табылады. Биылғы конференция Gakushuin University базасында өтті.

Мұғалімдер ұсынған баяндама тақырыбы:
“Teachers Learning from Students’ Analytical Thinking through Problem-Solving in Physics and Mathematics Classrooms.”

Зерттеу жұмысында физика және математика сабақтарында есеп шығару үдерісі арқылы оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ мұғалімдердің оқушылардың ойлау стратегияларынан үйрену тәжірибесі қарастырылды.

Онлайн форматта өткен сессия барысында әріптестеріміз халықаралық аудиториямен кәсіби пікір алмасып, өз тәжірибелерін таныстырып, оң кері байланыс алды.

Мектеп ұжымы мұғалімдерімізді халықаралық деңгейде мектебіміздің тәжірибесін таныстырғаны үшін құттықтайды және кәсіби қызметтеріне табыс тілейді.

Фотогалерея

image-