logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Shymkent-Abai NIS оқушысы Сыни ойлау және философия олимпиадасында II орын иеленді

03 наурыз 2026 09:36

Shymkent-Abai NIS мектебінің 12-сынып оқушысы Ногайбаева Мерей Сыни ойлау және философия пәні бойынша Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңінде жүлделі II орын иеленді.

Бұл зияткерлік сайыс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, талдау жасау дағдыларын және философиялық мәселелерді терең түсіну деңгейін анықтауға бағытталған. Олимпиаданың республикалық кезеңінде еліміздің әр өңірінен келген дарынды оқушылар өз білімдері мен аналитикалық қабілеттерін көрсетті.

Мерейдің жоғары нәтижесі оның табандылығы мен пәнге деген қызығушылығының, сондай-ақ жүйелі дайындықтың жемісі болып табылады.

Оқушының жетекшісі — Шарипхазина Ж. К.

Мектеп ұжымы Мерейді және оның жетекшісін осы жоғары жетістігімен құттықтап, алдағы білім және ғылым жолында толағай табыстар тілейді.

Фотогалерея

image-