Жаңалықтар
Республикалық ғылыми жобалар конкурсында Shymkent-Abai NIS оқушысы жүлделі II орын иеленді
02 наурыз 2026 09:32
Shymkent-Abai NIS мектебінің 12-сынып оқушысы Кенжебай Асылжан Республикалық ғылыми жобалар конкурсының «Химия» секциясы бойынша жүлделі II орын иегері атанды.
Ғылыми жобалар бойынша дәстүрлі республикалық байқаудың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 10 секция бойынша 463 ғылыми жоба мен 623 оқушы қатысты. Осындай жоғары бәсеке жағдайында жүлделі орынға ие болу – үлкен жетістік және оқушының ғылыми-зерттеу жұмысына деген жауапкершілігі мен табандылығының нәтижесі.
Асылжанның ғылыми жобасы химия саласындағы зерттеу жұмыстары арқылы өзекті мәселелерді қарастырып, ғылыми ізденіс пен талдаудың жоғары деңгейін көрсетті.
Жобаның жетекшілері: Байменова Айнур Джунусовна және Gabriel Mozo Minas.
Мектеп ұжымы Асылжанды және оның жетекшілерін жоғары жетістігімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми ізденістерінде табыс тілейді.