Жаңалықтар
«WiNIS» — халықаралық аренада! Болгариядағы FIRST LEGO League фестиваліне жолдама алды
16 ақпан 2026 16:12
Shymkent-Abai NIS оқушылары «FIRST Robotics, Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026» чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетті.
Ауқымды дода Astana қаласында Орталық Азиядағы ең ірі робототехника және STEM фестивалі – Alem Tech Fest 2026 аясында ұйымдастырылды. Чемпионатқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан 5000-нан астам оқушы қатысты.
«FIRST» жарысының Орталық Азиялық кезеңінде мектебімізден:
• First LEGO League (FLL) Challenge категориясында – WiNIS командасы
• First Technical Challenge (FTC) категориясында – Atomic Heart және Phantom командалары бақ сынады.
Shymkent-Abai NIS мектебінің «WiNIS» командасы чемпионат қорытындысы бойынша Robot Performance Award Finalist атанып, Burgas қаласында өтетін FIRST LEGO League Robotics Festival халықаралық фестиваліне қатысу құқығына ие болды! 🇧🇬
Сонымен қатар NIS командалары инженерлік дизайн, стратегиялық шешім, зерттеу жұмысы және командалық мәдениет бағыттары бойынша түрлі беделді марапаттарға ие болды.
Біздің жас инженерлерімізге алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік тілейміз!