logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Алғабас» командасы – X желілік «Креатив-Тартыс» сайысының жеңімпазы

08 желтоқсан 2025 16:23

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында өткен желілік X «Креатив-Тартыс» зияткерлік сайысында Shymkent–Abai NIS атынан қатысқан «Алғабас» командасы үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді.

Сайыс барысында қатысушылар креативті ойлау, логикалық талдау, командалық жұмыс және шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. «Алғабас» командасы барлық кезеңдерде белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарының арқасында топ жарып шықты.

Команда мүшелері:
• Нұрумбет Ажар
• Амангельдықызы Аянат
• Кайпкулов Ерлан
• Дайраш Нұртілек

Жетекшісі – Нурбол Анапияев.

Жеңімпаздарды жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы білім додаларында да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз.