Жаңалықтар
Shymkent–Abai NIS базасында «Келешек мектептері» жобасының педагогтеріне арналған кәсіби даму семинар-практикумы өтті
08 қаңтар 2026 16:14
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында педагогтерге тәжірибе тарату жұмыстарын ұйымдастырды. Өңірлердегі NIS базасында өткен «Заманауи мектеп зертханасы: мұғалімге арналған практикалық дағдылар» тақырыбындағы семинар-практикумдерге Түркістан облысы аудандарынан 100-ден астам педагог қатысты.
Семинар-практикумдер барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің пән мұғалімдері, NIS Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, сондай-ақ ауылдық тірек мектептердің педагогтері өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті.
Үш күнге жоспарланған біліктілікті арттыру шаралары физика, химия, биология, информатика, STEAM және робототехника пәндері бойынша ұйымдастырылды. Семинар-практикумдердің негізгі мақсаты — мұғалімдердің зертханалық жабдықтарды оқу үдерісінде тиімді әрі қауіпсіз қолдану дағдыларын дамыту, сондай-ақ жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытудағы практикалық әдістерін жетілдіру.