logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Олимпиадалық резерв мұғалімдері «IMPACT Olympiad» халықаралық байқауында жүлделі орындарға ие болды

14 қаңтар 2026 16:08

Shymkent-Abai NIS мектебінің физика, математика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушылары VIII Халықаралық ашық шығармашылық «IMPACT Olympiad» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын – Жолдыбай Бакытжан (информатика)
2 орын – Жаксыбеков Арман (физика)
3 орын – Айтуреева Багила (математика)
3 орын – Токкулиев Ерсултан (информатика)

Халықаралық деңгейдегі бұл жетістік – педагогтердің кәсіби шеберлігінің, жүйелі дайындықтың және білімге деген адал еңбегінің айқын дәлелі. Мұғалімдердің жоғары нәтижелері оқушылардың сапалы білім алуына және олимпиадалық қозғалыстың дамуына зор үлес қосады.

Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-