Жаңалықтар
WiNIS командасы – Turkistan Robotics & Drones Championship–2026 турнирінің чемпионы
16 қаңтар 2026 16:01
Shymkent-Abai NIS оқушыларынан құралған WiNIS командасы Turkistan Robotics & Drones Championship–2026 сайысында робототехниканың FIRST LEGO League Challenge (FLL) категориясы бойынша І орынды иеленіп, ең жоғары ұпай жинап, әлемдік рекордты жаңартты.
Жарыс барысында оқушылар LEGO автономды роботын құрастырып, оны бағдарламалап, күрделі тапсырмаларды жоғары дәлдікпен орындады. Сонымен қатар, команда ғылыми-зерттеу жобасын сәтті қорғап, инженерлік ойлау, шығармашылық және командалық жұмыстың үздік үлгісін көрсетті.
10–16 жас санатында мектебіміздің намысын қорғаған чемпиондар:
• Тастыбай Нұркелді
• Тілеуке Нұртас
• Ешанқұл Жансұлтан
• Жұмахан Мирас
• Дәулетбай Дінмұхамед
• Омарбек Нұрдәулет
Команда жетекшісі – Рахманов Нұрдәулет.
WiNIS командасының бұл жетістігі – оқушылардың табандылығы мен кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ мектептегі сапалы білім беру мен қолдаудың нәтижесі. Чемпиондарымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз және алдағы халықаралық белестерде де биік жетістіктер тілейміз.