logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Shymkent-Abay және Vanke Meisha Academy оқушылары онлайн кездесу өткізді

28 қараша 2025 15:01

26 қараша күні NIS Shymkent-Abai мектебінің оқушылары мен Шэньчжэньдегі Vanke Meisha Academy (VMA) білім алушылары онлайн форматтағы кезекті шабытты кездесуде бас қосты. Бұл–соңғы бес жыл бойы табысты жалғасып келе жатқан әріптестіктің жарқын жалғасы.

Кездесу барысында оқушылар өз мектептері туралы таныстырып, оқу орнының күнделікті өмірі жайлы әңгімелесті, сондай-ақ Қытайдағы құрдастарымен еркін, достық атмосферада сұхбат құрды. Жылы да ашық орта оқушыларға бір-бірін жақсырақ танып, жаңа нәрсе үйреніп, шынайы достық байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Бұл басқосу – екі мектеп арасындағы өзара байытатын ұзақмерзімді ынтымақтастықтың тағы бір маңызды қадамы болды.

Осындай кездесулердің сәтті өтуіне айрықша үлес қосқан ұйымдастырушыларымыз —Дулат Тұрарбеков, Индира Керімшеева, Ксения Аликулова, Ажар Алтыбаева, Марат Телгозиев және әрдайым үлкен қолдау көрсететін тамаша VMA командасына зор алғыс білдіреміз.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-