Жаңалықтар
NIS Shymkent-Abai оқушылары Халықаралық STEM Олимпиадасында табысқа жетті
27 қараша 2025 14:56
Астанада өткен Халықаралық STEM Олимпиадасында инженерлік идеялар мен технологиялық инновациялар саласында 6 елден келген 85 команда, 250-ден астам қатысушы бас қосты. Байқауға NIS Shymkent-Abai мектебінен 12 оқушыдан құралған 4 команда қатысты.
Нәтижелер:
«Infinity» командасы барлық 85 команданың ішінен 5-орынды иеленді.
Жетекшісі: Абдикерова Жанар
Қатысушылар: Назарбаев Нұртас, Нысаналы Аслан, Екия Ислам
Қалған үш команда сертификатпен марапатталып, келесі жылғы Олимпиадаға жолдама алды:
«Samgau» командасы – Жетекшісі: Жалмаханова Салтанат; Қатысушылар: Жақсылықова Томирис, Жангабай Дана, Оразмбет Бегайым
«Nerds» командасы – Жетекшісі: Махмутов Рахым; Қатысушылар: Омарқұл Еркебұлан, Табылған Ерен, Намияш Айбол
«Revolution» командасы – Жетекшісі: Кененбаева Айнұр; Қатысушылар: Тасболатов Азамат, Таубай Нұрсұлтан, Алимбетов Исатай
Бұл жеңіс оқушыларымыздың еңбегі мен табандылығының, ұстаздардың қолдауының нәтижесі.