Жаңалықтар
NIS Shymkent–Abai оқушылары CodeVerse Hackathon байқауында 1 орынға ие болды
26 қараша 2025 14:53
CodeVerse Hackathon байқауында NIS Shymkent–Abai мектебінің 12-сынып оқушылары Жорабек Әлімжан Ғалымжанұлы мен Молдахұл Сырым Берікұлы қатысқан Highway 61 Revisited командасы 1 орынға ие болды.
Оқушылардың инновациялық ойлау қабілеті мен жоғары деңгейдегі дайындықтары қазылар алқасының назарын бірден аударды. Команда үздік жоба ұсынып, байқауда өз шеберліктерін дәлелдеді.
Мектебіміз оқушыларымыздың жеңісіне мақтанышпен қарайды және олардың алдағы жобалардағы табыстарын тілейді.