logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Shymkent–Abay мектебі мен Lycée Saint-Denis мектебі ынтымақтастық меморандумға қол қойды

28 қараша 2025 14:50

NIS Shymkent–Abay мектебі мен Францияның Анноне қаласындағы беделді Lycée Saint-Denis білім ордасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл мектеп өзінің академиялық жоғары жетістіктерімен, сондай-ақ оқушылардың жан-жақта дамуы мен әл-ауқатына ерекше көңіл бөледі.

Қол қою рәсімінен кейін екі мектептің оқушылары алдағы мәдениаралық жобадан күткендерін және жеке мақсаттарын бөлісті. Жобаның табысты жүзеге асуына атсалысқан мектеп әкімшілігі мен мұғалімдеріміздің еңбегі ерекше атап өтіледі: Дулат Тұрарбеков, Индира Керімшеева, Ксения Аликулова және Ақбөпе Сапаралиева, сондай-ақ Lycée Saint-Denis ұжымына ризашылығымыз шексіз.

Сонымен қатар, мектебімізді таныстырып, жобаға қатысуға ынталарын танытқан үздік оқушыларымыз: Қарлығаш Бекмағанбет, Кирилл Ким және Даниал Сералы мақтанышымыз болып отыр.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-