logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Shymkent оқушылары БҰҰ елдік командасының Стратегиялық кеңесінде белсенділік көрсетті

19 қараша 2025 12:59

18–19 қарашада Шымкент қаласында өтетін БҰҰ елдік командасының жылдық Стратегиялық кеңесі аясында NIS Shymkent-Qaratau базасында Назарбаев Интеллектуалды мектептері оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге біздің оқушыларымыз Ким София, Сералы Зарема және Саржузеев Илиас қатысып, олар Y-Peer волонтерлік клубының мүшелері болып табылады.

Оқушылар өз жобаларын таныстырып, жеткен нәтижелерін бөлісті және болашақ жоспарларын ұсынды. Олардың бастамалары тұрақты даму мен маңызды әлеуметтік бағыттарды қолдауға нақты үлес болып табылады.

Мектебіміз өз волонтерлерімен мақтанады және БҰҰ, ұлттық серіктестер мен жастарды біріктіретін болашақ туралы диалогқа қатысуға қуанышты.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-