Жаңалықтар
NIS Shymkent-Abai оқушылары III Халықаралық инженерлік сайыста жоғары нәтижелерге қол жеткізді
18 қараша 2025 12:52
NIS Shymkent-Abai мектебінің оқушылары III Халықаралық инженерлік сайысында тамаша нәтижелер көрсетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Биылғы жарысқа 11 елден 159 команда қатысып, физика, математика және инженерлік жобалау бағытында күрделі тапсырмаларды орындады.
159 команданың ішінен біздің оқушылардан құралған екі команда үздік үштікке енді:
І орын — «ASQRQ» командасы, NIS Shymkent-Abai (46 балл)
Қатысушылар: Ерлан Арсен, Аманәлі Әлнұр, Әли Нұрали, Махмуд Абай, Ерғазы Сағи, Бекенбай Рамазан, Төлбасын Бексейіт, Кольбаев Дархан
Жетекшісі: Кушекова Б.Ш.
ІІІ орын — «Stem айғырлары» командасы, NIS Shymkent-Abai (44 балл)
Қатысушылар: Назарбаев Нұртас, Екия Ислам, Айтмырза Дінмұхаммед, Ақпан Ақарыс, Нысаналы Аслан, Орынбасаров Бақдаулет, Қайратов Әлфараби, Қалмырза Бекен
Жетекшісі: Абдикерова Ж.Р.
Жас инженерлердің бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.