Жаңалықтар
Shymkent-Abai NIS оқушылары 2025 жылғы Қазақстан Білім олимпиадасында жоғары нәтижеге жетті
17 қараша 2025 12:26
Shymkent-Abai NIS мектебінің оқушылары 2025 жылы өткен Қазақстан Білім олимпиадасында өздерін тамаша көрсетті. Мектебімізден 15 оқушы қатысып, олардың ішінде 5 күміс, 2 қола және 2 мадақтама иегері атанды.
Физика
Күміс: Исмак Ернұр, Асқанбай Шайхислам
Мадақтама: Ыбраим Ақарыс
Жетекшілері: Жақсыбеков А.Т., Кушекова Б.Ш.
География
Күміс: Тоғай Әлімжан, Әбзелбек Нұркелді
Қола: Жайықұлы Білге
Жетекшілері: Сахова К.К., Есентаев Е.
Информатика
Күміс: Әкім Алихан
Қола: Әділхан Абылай
Жетекшісі: Жолдыбай Б.Ш.
Математика
Мадақтама: Дәулетбай Арайлым
Жетекшілері: Әнапияев Н.Р., Мажитов Б.Н.
Барлық оқушыларымызды және олардың жетекшілерін осы жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл олимпиададағы табыстар — біздің мектептің ғылыми-зерттеу және білімге деген жоғары талаптарының айқын дәлелі.