logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Shymkent-Abay NIS оқушылары тоғызқұмалақ спартакиадасында жеңімпаз атанды

13 қараша 2025 12:09

NIS мектептері оқушылары арасында ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан желілік спартакиада өтті

NIS мектептері оқушылары арасында ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан желілік спартакиада ұйымдастырылды. Жарыс PlayOK онлайн-платформасында өткізіліп, еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам зияткерді біріктірді.

Турнир үш жас санаты бойынша өтті:

  • 5–6 сыныптар

  • 7–9 сыныптар

  • 10–12 сыныптар

Қатысушылар логикалық ойлау, стратегия құру және зияткерлік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Жеңімпаздар қатарында біздің оқушылар да бар!

5–6 сынып ұлдары арасында:
1-орын – Айсұлтан Әбдуәлі

Командалық есеп бойынша (5–6 сыныптар):
1-орын – Айсұлтан Әбдуәлі және Әнел Айдар
Жетекшісі: Жумабаев Султан Отелбаевич

Бұл жарыс – ұлттық мұраны дәріптеп, оқушылардың аналитикалық және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды дәстүрдің бір бөлігі болып табылады.