logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Шымкент-Абай NIS мұғалімдерінің ғылыми мақаласы ККСОН тізіміндегі «Хабаршы» журналында жарияланды

21 қазан 2025 11:40

Шымкент қаласындағы Абай атындағы NIS мектебінің тарих пәні мұғалімдері – Сүлейменова Гүлжамила Марқабайқызы, Жамелов Баглан Алтайұлы және Қасымбеков Арман Серікбайұлының бірлескен ғылыми мақаласы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ККСОН) ұсынған «Хабаршы» ғылыми журналында жарық көрді.

Ұстаздар «Мұғалімнің өз тәжірибесін зерттеудегі “Action Research” тәсілінің тиімділігі» тақырыбында зерттеу жүргізіп, педагогтің кәсіби дамуы мен білім сапасын арттырудағы іс-әрекетті зерттеу (Action Research) әдісінің маңызын жан-жақты талдады. Зерттеу барысында мұғалімнің өз тәжірибесіне сыни тұрғыдан қарап, нақты мәселені айқындап, оны жүйелі түрде зерттеу арқылы оқу үдерісін жетілдіруге болатыны дәлелденді.

Мақалада Action Research тәсілінің оқу сапасын арттыруға, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға және мұғалімнің рефлексия жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететіні көрсетілген. Сонымен қатар, авторлар тәжірибе негізінде алынған деректерді саралап, аталған әдістің мектеп тәжірибесінде тиімді қолданылу жолдарын ұсынды.

Бұл ғылыми жарияланым – мектеп педагогтерінің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолындағы жүйелі жұмысының нәтижесі. Ұстаздардың жетістігі – білім сапасын арттыруға бағытталған ізденіс пен кәсіби дамудың айқын көрінісі.