Жаңалықтар
NIS Shymkent-Abai оқушылары «1st Eurasian Satellite Challenge» халықаралық жарысында І орын иеленді
14 қазан 2025 11:04
Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушылары Арипова Тамила, Кеңес Маралым және Еркін Қарақат «1st Eurasian Satellite Challenge» халықаралық жарысында зымыран ұшыру бағыты бойынша І орын иеленді.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған байқауда оқушылар жоғары дайындықтарын, инженерлік ойлау қабілеттерін және командалық үйлесімділіктерін көрсете отырып, үздік нәтиже көрсетті. Жоба барысында қатысушылар зымыран ұшыру бағыты бойынша техникалық тапсырмаларды сәтті орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер:
Махмутов Р.А., Спарханова Г.С.
Оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – мектеп ұжымының жүйелі жұмысы мен оқушылардың табандылығының айқын нәтижесі. Жас зияткерлерге алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.