logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Shymkent-Abai базасында волейбол мен үстел теннисінен желілік Спартакиаданың ақтық кезеңі өтті

28 желтоқсан 2025 10:39

2024 жылғы 26–28 желтоқсан аралығында Шымкент қаласындағы NIS Shymkent-Abai базасында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында үстел теннисі мен волейболдан желілік Спартакиаданың ақтық кезеңі өтті.

Іс-шара салтанатты ашылу рәсімімен басталып, жарыс бағдарламасына сәйкес үстел теннисі мен волейболдан тартысты кездесулер ұйымдастырылды. Бірінші күннің қорытындысы бойынша үстел теннисінен жартылай финалға 8 команда жолдама алды: NIS Астана Нұра, Көкшетау, Семей, Петропавл, Қостанай, Шымкент-Қаратау, Қызылорда және Ақтөбе.

Волейбол жарысының қорытындысы

Ұлдар арасында:
І орын – Астана Нұра
ІІ орын – Көкшетау НЗМ
ІІІ орын – Тараз НЗМ

Қыздар арасында:
І орын – Тараз НЗМ
ІІ орын – Алматы Наурызбай
ІІІ орын – Алматы Медеу

Үстел теннисі бойынша нәтижелер

І орын – Семей НЗМ
ІІ орын – Қостанай НЗМ
ІІІ орын – Петропавл НЗМ және Астана Нұра

Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды.

Спартакиада жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, оқушылардың спорттық шеберлігі мен командалық ынтымақтастығын көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-