Жаңалықтар
Семейлік оқушылар ENACTUS ұлттық кәсіпкерлік байқауында үздік үштікке енді
05 мамыр 2026 13:00
Алматы қаласында ENACTUS Kazakhstan National Expo 2026 мектеп және студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық кубогы өтті. Қазақстанның барлық өңіріндегі мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студентері, сондай-ақ бизнес және білім беру саласының көшбасшылары бас қосатын байқауда мектебіміздің оқушылары да бақ сынады.
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің зияткерлері 144 команда арасынан топ жарып, жүлделі III орын иеленді. Мұнымен марапаттар қатары біткен жоқ. «The Best Captain» номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Аяжан Тәңірберді үздік капитан атанды. Жоғары командалық рухын, ұйымшылдығын және мектеп қабырғасынан бастап кәсіпкерлікке қызығушылық танытқандары үшін мектеп командасы «Team Spirit Award» және «Top Five School Team» номинацияларын иеленді.
Сондай-ақ 11-сынып оқушылары Балауса Мұратбекова, Дулат Әскерхан және Әлия Толымханова Urban College-дің толық білім беру грантын жеңіп алды. Ал Аяжан Тәңірберді мен Нұрай Бақытжанова New York Film Academy (NYFA) Kazakhstan бір жылдық сертификаттық бағдарламаға толық грант ұтып алды.
Жеңісті күндер көп болсын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!