Жаңалықтар
NIS Семей оқушылары Жолдасбеков атындағы халықаралық байқаудың жүлдегерлері атанды
17 сәуір 2026 17:00
Елордада өткен Ө. Жолдасбеков атындағы 11–12 сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалары конкурсында Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Байқау бағдарламасы төрт негізгі бағытты қамтыды: математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер. Биылғы жылы зияткерлік жарысқа ғылыми жобалардың республикалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің ұлттық конкурстарының жеңімпаздары қатысты. Жалпы, байқауға Қазақстан, Таиланд және Түркия елдерінен 135 оқушы қатысып, 99 зерттеу жобасын ұсынды.
«Экономикадағы математикалық әдістер» секциясында 12-сынып оқушысы Ерзат Маметаев І орын иеленді. Ол қор нарығындағы акция бағаларын жасанды интеллект арқылы болжауға арналған FinPredict платформасын ұсынып, жобасы жоғары бағаланды. Ал «Қолданбалы математика» секциясында Мөлдір Советхан ІІ орынға ие болды. Ол балалардың психикалық және сөйлеу дамуы тежелуінің қауіп факторларын анықтайтын математикалық модель әзірледі.
Жеңімпаз оқушылардың ғылыми жұмыстарына математика пәні мұғалімі Нұрғазы Тұрсынғазин жетекшілік етті. Оқушыларымыз бен жетекшісінің халықаралық жеңісімен құттықтаймыз!