Жаңалықтар
NIS Семей оқушылары республикалық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді
26 наурыз 2026 10:00
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-12 сынып оқушылары Қостанай және Астана қалаларында өткен информатика, математика, физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңдерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
NIS Семей оқушылары бірнеше пән бойынша жүлделі орындарға ие болды:
Әкежан Асқар – информатика пәні бойынша I-орын
Алихан Тасқынбаев – биология пәні бойынша I-орын
Арнұр Нұрғазин – информатика пәні бойынша II-орын
Мәликә Ақан – физика пәні бойынша III-орын
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ұлттық олимпиадалық резерв құрамына енгізіліп, Қазақстан атынан халықаралық деңгейдегі зияткерлік жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.