logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Бір қадам алға–2026»: Семейде VI аймақтық ғылыми жобалар конкурсына тіркелу басталды

12 наурыз 2026 13:08

Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2026 жылдың 26 сәуірінде Семей қаласындағы және аймақтағы мектеп оқушылары арасында «Бір қадам алға–2026» атты VI аймақтық ғылыми жобалар конкурсын өткізеді(бұдан әрі-Конкурс).

Конкурстың мақсаты:

- жобалау және зерттеу жұмысы арқылы оқушылардың жеке ерекшеліктерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқушылардың білім беру және зерттеу әлеуетін дамыту;

- оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне уәждемесін арттыру;

- жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау;

- Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Өткізу тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Ұйымдастырушы: Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Қатысушылар: Семей қаласының және аймақ мектептері мен лицейлерінің оқушылары. Конкурсқа ғылыми зерттеулер саласындағы жеке жобалар, сондай-ақ келесі бағыттар бойынша 2 оқушыдан құралған ұжым қатыса алады:

Бағыттары:
1. Физика
2. Техника
3. Жер және ғарыш туралы ғылым
4. Математика, қолданбалы математика
5. Информатика, бағдарламалау
6. Робототехника
7. Экономика
8. Биология
9. Химия
10. Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы
11. Тарих
12. Құқықтану
13. Өлкетану
14. Әдебиет
15. Этномәдениеттану
16. Тіл білімі
17. Психология
18. Әлеуметтік жобалар

Бірінші кезеңді ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
бірінші кезеңде 4-7 сыныптар, 8-11(12) сыныптар қатыса алады.

Конкурсқа қатысушы 2026 жылғы 12 наурыздан 5 сәуірге дейінгі мерзімде https://forms.gle/n6x2NSJDACqjMYbw7 адресі немесе QR-код(Қосымша 1) бойынша өтінім формасын толтырады және жұмысты (Word құжатын) жүктейді.

Жұмыс Word форматында, 5-тен 20 бетке дейін болуы керек.
Автор: (аты-жөні, сыныбы)
Білім беру ұйымы:
Зерттеу бағыты:
Жұмыс жетекшісі:
Жұмыс тақырыбы:

Аннотация: жұмыста ... ұсынылған. Материал ... үшін қызықты болады.
Зерттеу мақсаты:
Гипотеза:
Кезеңдері:
Зерттеуде қолданылған әдістер:
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі:
Жұмыс нәтижелері мен қорытындылар:
Нәтижелерді практикалық қолдану саласы:
Әрі қарай жұмыс мәтіні
Ұсынуға болатын жұмыстар:
• ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және бұрын белгісіз жекелеген тараптарды баяндайтын;
• мектеп эксперименттерін жетілдіруге, өндірістік процестерді ұтымды етуге жәрдемдесетін, практикалық міндеттерді шешуге жаңа аппараттардың, модельдер мен аспаптардың конструкциясын білдіретін;
• әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық-заңдық негіздемелері бар компьютерлік модельдер мен жобалар;
• жануарларға қатыгездікпен қарау эксперименттері бар және адамдар мен жануарлардың денсаулығы үшін зиянды заттар (канцерогендік және мутагендік әсері бар уытты, радиоактивті, зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар; адам мен жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар; микроорганизмдер, вирустар, алкоголь, темекі және т. б.) пайдаланылатын кәмелетке толмағандар үшін қол жеткізуге рұқсат етілмеген аппаратураларды пайдалансаконкурсқа қатысуға жіберілмейді.);

Бұрын республикалық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Плагиатқа тексеруден өткен жұмыстар сараптамаға жіберіледі. 30% - дан астам плагиат болған жағдайда, жұмыс сараптамаға жіберілмейді. Сараптаманы 2026 жылғы 6-10 сәуір аралығында ұйымдастырушы бекіткен комиссия жүргізеді.

Әрбір секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы бағыты бойынша кемінде үш мүше (ғалым, мұғалім) кіреді. Комиссия құрамы ғылыми жобалардың тиісті конкурсын ұйымдастыратын білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия жұмыстарды №1-кестедегі критерийлер бойынша қарайды және екінші кезеңге қатысушыларды айқындайды.