Жаңалықтар
Қос зияткеріміз республикалық байқауда жүлделі орын иеленді
02 наурыз 2026 15:00
Астана қаласында 24-27 ақпан аралығында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Еліміздің барлық өңірінен 10 секция бойынша 463 ғылыми жоба мен 623 оқушы қатысқан білім додасында қос зияткеріміз де жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Еркежан Бектасова – «Индукционно активируемые ППФ-волокна на основе PCL c железо-оксидными наполнителями для самовосстановления бетона»
Ғылыми жетекшісі: Меруерт Кудабекова
Секция: химия
Даниял Молдыбеков – «Экономико-математическая модель влияния гендерного фактора на социально-экономическое развитие государства»
Ғылыми жетекшісі: Динара Габдуллина
Секция: қолданбалы математика
Көпсатылы іріктеуден өткен жұмыстар өзектілігімен, ғылыми негізділігімен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Ғылыми жобаларды қорғау Regeneron ISEF халықаралық стандартына сай ашық көрме форматында ұйымдастырылды.
Республикалық деңгейдегі аталмыш жетістік – жүйелі дайындық пен ғылыми ізденістің нәтижесі. Оқушыларымыз мен ұстаздарымызды құттықтай келе, алдағы уақытта да жаңа ғылыми белестерді бағындыруға тілектеспіз.