logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«NIS бірге оқиық»: Жылдың үздік оқырманы анықталды

19 мамыр 2026 11:44

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «NIS бірге оқиық» жобасының қорытынды шарасы өтті. Бұл жолы оқушылар жазушы Сайын Мұратбековтің «Кәментоғай» шығармасын талдап, өз ойларымен бөлісті.

Шара барысында оқушылар «Құндылықтар сөздігін» жасап, шығарма арқылы бойларына сіңірген өмірлік құндылықтарды тізіп шықты. Олар достық, адамгершілік, еңбекқорлық пен табиғатты аялау секілді қасиеттердің маңызын ерекше атап өтті.

Келесі кезеңде Kahoot платформасы арқылы викторина ұйымдастырылып, оқу жылы бойы оқылған шығармалар бойынша білім сыналды. Оқушылар белсенділік танытып, әдебиетке деген қызығушылықтарын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша:

I орын – Айару Сайлауова

II орын – Нұрасыл Әбдікер

III орын – Мунира Кенжебекова иеленді.