logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS, бірге оқиық!

04 мамыр 2026 12:48

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «NIS, бірге оқиық!» жобасы аясында қазақстандық жазушы А.Алтайдың «Кентавр» шығармасы бойынша әдеби іс-шара өтті.

Іс-шара барысында оқушылар топтық жұмыс жасап, «Keyword Hexagon» әдісін және мағыналық оқу тәсілдерін қолдана отырып, шығарманың негізгі эпизодтары мен Кентавр бейнесін жан-жақты талдады. Талқылау нәтижесінде оқушылар кейіпкердің экологиялық апат пен оның адамзатқа тигізер салдарын бейнелейтін символ екенін анықтады.

Сабақ соңында қатысушылар топтық жұмыстарын қорғап, өз көзқарастарын ұсынып, нақты дәлелдемелер мен тұжырымдарын негіздеді.

«NIS, бірге оқиық!» жобасы оқушылардың саналы оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және экологиялық санасын арттыруға бағытталған.