logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Роботтар мен мәдениет тоғысқан алаң: Қызылордада WRO-2026 аймақтық кезеңі өтті

30 сәуір 2026 16:15

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде World Robot Olympiad (WRO-2026) дүниежүзілік робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті. Облыс мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарынан 26 команда қатысып, "Роботтар мен мәдениет" тақырыбында креативті жобаларын ұсынды.

Олардың қатарында экскурсия жүргізетін робот-гидтер, тарихи орындармен таныстыратын жобалар, киіз басу үдерісін автоматтандыратын құрылғылар, ұлттық қолөнерді жаңғыртуға бағытталған шешімдер, сондай-ақ автопилот жүйелері арқылы заманауи көлік технологиялары да көрініс тапты.

Олимпиада халықаралық WRO санаттары бойынша өтті:

RoboMission – роботтардың белгілі тапсырмаларды автономды орындауы

Future Innovators – инженерлік жобаларды қорғау

RoboSports – роботтар арасындағы спорттық сайыстар

Future Engineers – күрделі инженерлік және автономды жүйелерді әзірлеу

Аталған жарысты 2014 жылдан бері Қазақстандағы World Robot Olympiad олимпиадасының ұлттық операторы болып табылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырып келеді. Осы жылдар ішінде робототехника мен бағдарламалауға қызығушылық танытатын оқушылар саны айтарлықтай артты.

WRO – бұл тек жарыс емес, технология арқылы мәдениетті дамытуға, ал оқушыларға болашаққа бағытталған дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін алаң.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар марапатталды.

Robomission Junior

І орын
Ақарыс Бекарыс, Мирас Есіркеп, Мұхамеди Сатлабаев (№268 мектеп-лицейі)

ІІ орын
Иса Мылтықбаев, Рамазан Ержан, Арман Өмірбай (Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі)

ІІІ орын
Құдайберген Жәнібекұлы, Дарын Аблай, Мағзум Нұрланов (Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)

Robomission Senior

І орын
Әмір Ақберген, Асылхан Мейрамбек, Мейірлан Талғатұлы (Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)

ІІ орын
Бекмәлік Қалдыбек, Абай Жұбаныш, Ерасыл Құдайберген (Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі)

ІІІ орын
Айдар Бижанұлы, Қуаныш Абдулхаисов, Ардақ Ибадулла (Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)

Бекарыс Мұқтар, Ханторе Медетбек, Жандарбек Ағатаев (№268 мектеп-лицей)

Robomission Elementary

ІІ орын
Нұрлыхан Асылхан, Нұрислам Қайрат («Сыр жұлдыздары» қосымша білім беру орталығы)

Future Engineers

І орын
Ернұр Сәду, Аянұр Саду, Нұрасыл Өмірбай (Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)

Future Innovators Elementary

І орын
Алина Ахметова, Бекасыл Аманбай, Тұмарай Мөңкебай ("Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп)

ІІ орын
Сабина Дауренбек, Бейбарыс Бекболат, Аңсаған Абдул-Азиз (Али Муслимов атындағы №101 мектеп лицейі)

ІІІ орын
Азиз Наки, Диас Тұрахметұлы («Сыр жұлдыздары» қосымша білім беру орталығы)

Future Innovators Junior

І орын
Бекжан Аманбек, Ераслан Ерболұлы, Айдын Түгелов (Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)

ІІ орын
Айман Жаксылыкова, Нұрымжан Нұреке (Қармақшы ауданындағы №277 мектеп-лицейі)

ІІІ орын
Мұхаммедсайд Шадман, Жания Қалыбек (Еркін Әуелбеков атындағы № 4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты)

Future Innovators Senior

І орын
Амина Омарова, Ерасыл Айдарбек (Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)

ІІ орын
Батыржан Аманбек, Рашит Алишер, Адилет Санғатұлы (Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі)

ІІІ орын
Сұлтан Берік, Архад Сайлау, Данияр Тұрақбай (Еркін Әуелбеков атындағы № 4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты)

RoboSport

І орын
Жарқынбек Ахметов, Іңкәр Нұрханқызы, Рамазан Ауесхан (Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)

ІІ орын
Алмас Диас, Абдисадыков Дидар (Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі)