Жаңалықтар
NIS: сапалы білім мен инновацияның ашық алаңы
24 сәуір 2026 09:25
Қызылордадағы NIS-те республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған Ашық есік күні өтті. Журналистер білім беру ортасымен және оқушыларымыздың жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алды.
БАҚ өкілдері сабақтарға қатысып, оқу үдерісін ішкі атмосферасын сезінді. Оқушылардың ғылыми жобаларымен және авторлық өнертабыстарымен танысып, идеядан нақты нәтижеге дейінгі шығармашылық жұмыстарын тамашалады.
Инженерлік зертхана робототехник, киіз басу, қыш өнері үйірмелерді көріп, жас зияткерлердің дағдыларын дамыту ерекшеліктерін байқады.
Директордың қатысуымен өткен брифинг барысында келушілер мектептің білім беру бағдарламасының артықшылықтары, оқушылар мен педагогтердің жетістіктері туралы ақпарат алып, сұрақтарына жауап алды.