logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Теориядан тәжірибеге: оқушылар дәрумен өсіруде

22 сәуір 2026 17:29

«Mini green – Maxi vitamin» практикумы аясында мектебіміздің оқушылары «Болашақ» университетінің жылыжай базасында пайдалы көкөністер өсіруді бастады.

Жобаның негізгі мақсаты – химия және биология пәндері бойынша теориялық білімдерін іс-жүзінде пайдалану және дәруменге бай экологиялық таза өнім өндіру.

Практикум барысында оқушылар өсімдіктерді күтіп-баптау, олардың өсуін бақылау, нәтижелерді салыстыру және қорытынды жасау сияқты маңызды дағдыларды меңгереді.

Бұл жоба оқушылардың пәндерді тереңірек түсінуіне, ғылымға қызығушылығының артуына және табиғатқа жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.