logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Әдеби «аквариум»

24 ақпан 2026 14:12

«NIS бірге оқиық» жобасы аясында 7-сынып оқушылары «Руханият» оқырмандар клубының отырысында Тәкена Әлімқұловтың «Ақбоз ат» шығармасын талқылады.

Клуб мүшелері кейіпкерлер бейнесін талдап, мінез-құлық, ар-намыс, абырой және ұлттық дәстүрлерге деген құрмет тақырыптарын қозғады. Топтық жұмыста «Әдеби аквариум» әдісі арқылы шығарманың эпизодтарын келтіріп, кейіпкерлерге мінездеме берді және өз жұмыстарын сыныптастарына таныстырды.

Кездесуді онлайн-викторина толықтырды. WordWall платформасында қатысушылар шығарма мәтіні бойынша білімдерімен сайысты. Нәтижесінде 1 орын - 7 «К» сынып, 2 орын - 7 «Е» сынып, 3 орын - 7 «В» сынып жеңіп алды.