logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

INFOMATRIX-ASIA 2026: Сыр зияткерлері халықаралық байқауда 5 жүлделі орын иеленді

03 сәуір 2026 10:49

Астана қаласында өткен «INFOMATRIX-ASIA 2026» халықаралық байқауда Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 5 жүлделі орынға ие болды.

Биылғы байқауға 10-нан астам мемлекеттен 250-ден астам команда қатысып, жасанды интеллект, стартап жобалар, робототехника және басқа да заманауи бағыттар бойынша өз жобаларын ұсынып, халықаралық сарапшылар алдында қорғады.

Hardware Control категориясы бойынша:

ІІ орын – Исмаил Шарапат пен Байбарыс Сұлтанғазы (жетекшілері: Нұркен Абджалиев, Жадыра Ажибаева);

ІІ орын – Ару Махамбетова мен Айғаным Ернатқызы (жетекшілері: Гүлмира Бакулова, Анар Кенесары);

ІІІ орын – Гауһар Бисембай мен Айжан Айбек (жетекшісі: Диас Асылбек).

AI Programming бағыты бойынша:

ІІІ орын – Амина Омарова (жетекшілері: Рахматулла Кадиров, Адильжан Науан).

Applied Science категориясы бойынша:

ІІ орын – Аяулым Тәуекел (жетекшісі: Айнұр Құрақбаева).

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылардың STEM бағытындағы құзыреттерін жүйелі түрде дамытуда.