Жаңалықтар
Шабыт сыйлаған кітаптар: READx оқырмандар конференциясы өтті
12 желтоқсан 2025 12:10
Мектеп кітапханасында өткен кезекті READx оқырмандар конференциясында оқушылар мен ұстаздар сүйікті кітаптар туралы ойларымен бөлісті.
12-сынып оқушысы Балнұр Жақсыбай А. Крониннің «Цитадель» романын таныстырып, әділдік үшін күресу және өмірлік қағидаларды ұстану құндылықтарын алға тартты. Ал 11-сынып оқушысы Нұрбақыт Сағилатова Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармасындағы адамдар арасындағы жауапкершілік пен шынайы байланыстарды бағалай білуге үйрететін тұстарын атап өтті.
Ағылшын тілі мұғалімі Камилла Клышбекова Ф. Бакманның «Увэның екінші өмірі» романында кейіпкердің ішкі өзгерістерге бет бұрған сәтін баяндап, сыртқы қаталдықтың артында үлкен мейірім жататының еске салды.
Педагог-куратор Нуржан Бисенбаев Мұхтар Мағауиннің «Мен» шығармасын талдап, ұлттық болмыс пен өзіндік жолды іздеуге қатысты ой қозғады.
READx оқырмандарды жаңа ойларға жетелейтін, кітап арқылы пікір алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналғаны сөзсіз.