Жаңалықтар
Түлектер форумы 2.0
16 қаңтар 2026 11:36
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде түлектердің «Самғау» форумы өтті.
Әр жылдардағы түлектер жоғары сынып оқушыларымен шетелдік оқу орындарына түсу жолдары, сондай-ақ Венгрия, Гонконг және Германия университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін білім беру гранттарын жеңіп алу тәжірибелерімен бөлісті.
Форум барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Кездесу кәсіби диалогқа, ынталандыруға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға арналған маңызды алаңға айналып, оқушылардың болашақ мамандық таңдауына ықпал етті.
Іс-шара соңында спикерлер мен тыңдаушылар интерактивті ойынға қатысып, достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтты.