Жаңалықтар
NIS мұғалімдері Жаңақорған ауданының №286 мектебіне іссапармен барды
03 желтоқсан 2025 11:22
«Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында NIS директоры бастаған бір топ мұғалімдері Жаңақорған ауданының №286 тірек мектебіне іссапармен барып, білім беру үдерісіне жан-жақты талдау жүргізді. Сапардың негізгі мақсаты – оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсынымдар беру және мектептің даму бағыттарын айқындау болды.
Кездесу барысында педагогтер Lesson Study және Action Research зерттеулерін тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударып, ғылыми-әдістемелік мақалаларды республикалық және халықаралық басылымдарда жариялау мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, патент пен авторлық құқық алу жолдары, мектеп ішінде кәсіби оқу қауымдастықтарын құрудың маңызы қарастырылды.
Мұғалімдер оқу ортасының жағдайын, цифрлық ресурстардың қолданылуын және мектеп инфрақұрылымын да зерделеп, олардың дамуына қатысты әдістемелік қолдау көрсетті.
Бұл сапар мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жаңа бағыттарды айқындауға, сондай-ақ ауылдық мектеп ұстаздарынзаманауи білім беру тәжірибелерін енгізуде қолдауға мүмкіндік берді.