logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы

Қостанай қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының 2025-2026 оқу жылының өзін-өзі басқару Парламентінің құрамы

Мектептің өзін-өзі басқару Парламентінің негізгі мақсаты – шанырақтар деңгейінде өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, мектеп парламентінің жұмысын координациялау (оның құрамына шанырақ көшбасшылары кіреді), шығармашылық және әлеуметтік жобалар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, оқушыларды белсенді әлеуметтік қызметке тарту.

Соңғы жылдары оқушылардың жоғары әлеуметтік белсенділігі байқалуда. Нәтижесінде оқушылар мектеп өмірін жақсарту үшін көптеген жобалар мен идеяларды ұсынып, іске асыруда.

Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2025–2026 оқу жылында өзін-өзі басқару ұйымының құрамына 11 министрлікке бөлінген 23 оқушы кіреді. Мектеп президенті – Бауржан Амирғалиев.