Жаңалықтар
ВИА «Hard Chord» – музыкаға толы кеш
27 ақпан 2026 09:38
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы, мектебіміздің мақтанышы – «Hard Chord» вокалды-инструменталды ансамблінің жеке концерті өтті.
Кеш көрермендерге ерекше эмоциялар мен әсерлі музыкалық атмосфера сыйлады. Концерт барысында дәстүрлі және заманауи композициялар орындалып, бағдарламаның жарқын сәттерінің бірі - мектебіміздің өнерлі ұстаздары мен ансамбль жетекшісінің ән орындауы болды.
Көрермендер «Сен сұлу», «Ғашықпын саған», «This Love», «Parade», «Ce Monde», «Кең дала», «505», «Every Breath» сынды әндерді тыңдап, әртүрлі музыкалық стильдер әлеміне саяхат жасады. Режиссер әрі жетекші Булат Сейтмуратов ұжымның ортақ шығармашылық көңіл күйін шебер жеткізе білді.
Ансамбль ұжымын есеп беру концертінің сәтті өтуімен құттықтаймыз! Жаңа жобалар мен жарқын шығармашылық жетістіктер тілейміз!