Жаңалықтар
Дәстүрге айналған «Dance Battle» би байқауы
25 ақпан 2026 08:52
Мектебімізде дәстүрге айналған «Dance Battle» би байқауы биыл ерекше форматта өтті. Бұл жолы әр шаңырақ «100 кітап» жобасы аясында таңдалған шығарманың желісі бойынша би композициясын сахналады.
Қатысушылар би арқылы кітаптың негізгі сюжетін, кейіпкерлердің ішкі сезімін және оқиғалардың шиеленісін көркем түрде жеткізе білді. Байқау талабына сәйкес, әр шаңырақ таңдалған шығарма бойынша фильм саундтрегін, ал арнайы саундтрек болмаған жағдайда шығарманың мазмұнын ашатын музыкалық композицияны таңдады.
Сахнада әлем және қазақ әдебиетінің жауһарлары – Лев Толстойдың «Анна Каренина», Герберт Уэллстің «Машина времени» және Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» шығармалары жаңаша қырынан көрініс тапты. Сонымен қатар басқа да көркем шығармалар желісі бойынша әсерлі би қойылымдары ұсынылды.
Әділ қазылар шешімі бойынша:
Гран-при – «Жайық»
І орын – «Бурабай»
І орын – «Каспий»
ІІ орын – «Амудария»
ІІІ орын – «Есіл»
Қалған шаңырақтарға белсенді қатысқаны үшін арнайы сертификаттар табысталды. «Dance Battle» – бұл тек би сайысы емес, әдебиет пен өнер тоғысқан шығармашылық алаң. Қатысушыларымызды жарқын өнерлері мен креативті идеялары үшін құттықтаймыз!